Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

Қостанай қаласында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалының басшылығы Қостанай өңірінің жүк жөнелтушілерімен, астық және ұн экспорттаушыларымен кезекті кездесу өткізді. Оған тасымалдау процесіне тартылған салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Биылғы егінді теміржолмен тиімді тасымалдау, жүктерді өткізуді қамтамасыз ету және жеткізу мерзімдерін сақтау шаралары талқыланды. Филиал директоры Вадим Копылов кеңеске қатысушыларды темір жолды жаңғырту және Қытайға бағыт бойынша жаңа жолдар салу жөніндегі іс-шаралармен таныстырды. 
2024 жылдың басынан бастап Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астық тиеу 1,8 млн тоннаны, ұн-866 мың тоннаны құрағаны атап өтілді. Астықтың ішкі тасымалы 2% - ке, 555 мың тоннаға дейін, ұн 15% - ке, 202 мың тоннаға дейін өсті.
Экспортқа 1,3 млн тонна астық пен 664 мың тонна ұн тиелді. Ауғанстанға астық экспорты 9% - ке, ҚХР-ға екі есеге өсті. Сондай-ақ, Қостанай астығы мен ұны Тәжікстанға, Өзбекстанға, Иранға, Ресейге жөнелтіледі. 
Кеңес барысында жүк жөнелтушілердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.