Көлік қызметкерлері күніне орай кәсіби еңбегі мен жетістіктері үшін «Қазтеміртранс» АҚ-ның 40 астам қызметкерінің еңбегі түрлі наградалармен атап өтілді. Оның ішінде компания қызметкерлері «Құрметті теміржолшы», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ «Үздік басшы», «Үздік Маман» атақтарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мереке қарсаңында «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Саурбаев қызметкерлерді құттықтап, төсбелгілер мен грамоталарды табыс етті..
- Сіздердің тәулік бойғы еңбектеріңіз бен жоғары кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында экономиканың салалары, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы дамып келеді. Жыл сайын миллиардтаған тонна әртүрлі жүктер тасымалданады. Сіздердің жұмыстарыңыз үлкен құрмет пен бағаға лайық», – деді Қайрат Сауырбаев.
«Құрметті теміржолшы» марапатының иегері, Қарағанды филиалының Қарағанды ОВП вагон паркінің қауіпсіздігі бойынша жол инспекторы Жұмажан Айғаринов теміржолда 30 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын Ағадыр станциясындағы локомотив депосында слесарь болып бастады. Жылжымалы құрам қауіпсіздігі жөніндегі инспектор болып 15 жылдан бері жұмыс істейді. Оның пікірінше, соңғы жылдары теміржолда жастардың жұмыс істеуіне жағдай жасалуда.
- Өз өмірлік тәжірибемізді жас мамандарға тапсырудамыз, олар да өз қызметтерін абыроймен атқарып, алдағы уақытта табыстарға жетсе екен ниетпен бөлісіп отырмыз. Жұмыс өте қызықты, әрі әріптестерімді бағалаймын. Жалпы маған теміржолда, әсіресе жүк вагондарында жұмыс істеген ұнайды! – деп қорытындылады Жұмажан Айғаринов.