«Қазтеміртранс» АҚ вагондары республика бойынша әлеуметтік жүктер тасымалының 85%-на дейін жыл сайын қамтамасыз етеді.
Бірінші кезекте КТТ халық пен ЖЭО үшін көмір тасымалдауды қамтамасыз етеді. 2022-2023 жылыту маусымында компания жартылай вагондар паркінің 77%-н (17 мың), ал маусымның қызып тұрған кезінде – 82%-н (18 мың) іске қосты.
Жылыту маусымына алдын ала дайындық маусымның қызу кезіндегі тиеудің кептелуіне жол бермейді, және көмір разрездері мен көмір қабылдау пункттерінің қуатын біркелкі бөлуге, қажетті вагондар мен локомотив тарту паркін дұрыс жоспарлап таратуға мүмкіндік береді.
Өтінімдердің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, «Қазтеміртранс» ҚР Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап 2023-2024 жж. жылыту маусымына қарай пысықтауды және жоспарлауды бастауда.