«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ ЖЫЛ САЙЫН 65 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖҮК ТАСЫМАЛДАЙДЫ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ ЖЫЛ САЙЫН 65 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖҮК ТАСЫМАЛДАЙДЫ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ ЖЫЛ САЙЫН 65 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖҮК ТАСЫМАЛДАЙДЫ

«Қазтеміртранс» АҚ тасымалдарының негізгі үлесі – халықтың қажеттіліктері және ЖЭО үшін көмір, инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына қажет қиыршық тас және басқа да жүктер сияқты әлеуметтік маңызы бар сусымалы жүктер.

2022 жылы көмір, қиыршық тас, ұн тарту өнімдері, азық-түлік және тез бұзылатын өнімдерді қоса алғандағы жүк тасымалдау көлемі 69,2 млн тоннаны құрады, ал 2019–2022 жылдары орташа жылдық көрсеткіш 61,4 млн тоннаны құрады.

Биыл 2022 жылғы деңгейге қарағанда жүк тиеу 2,8% өсіммен болжануда.

Анықтама: Қазтеміртранс 2003 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдайды, ал вагондармен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бақылауында.Вагондардың негізгі жеке паркі - үйілме-төкпелі жүктерді (көмір, қиыршық тас және т.б.) тасымалдауға арналған жартылай вагондар. Бұл ретте ұн тарту өнімдерін, азық-түлік өнімдерін және тез бұзылатын өнімдерді тасымалдайтын жабық вагондар паркі бар.

×