«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН 100% ОРЫНДАДЫ
«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН 100% ОРЫНДАДЫ
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-да табиғатты қорғау қызметі бойынша 14 іс-шара өткізілді. Іс-шаралар жоспары теміржолдың қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында жасалады.
Компанияда табиғатты қорғау заңнамасы талаптарын сақтау бөлігінде өндірістік экологиялық бақылау қамтамасыз етіледі. Қалдықтарды қайта өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, өткен жылы 300 тонна қауіпті емес қалдықтар мен 400 кг-ға жуық қауіпті қалдықтар мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеуге берілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты 6 қызметкер мамандандырылған ұйымда оқытылды.
Айта кетсек, теміржол әлемдегі ең экологиялық көлік түрлерінің бірі болып саналады.