«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ-ДА 2022 ЖЫЛ ЖАРАҚАТСЫЗ ӨТТІ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ-ДА 2022 ЖЫЛ ЖАРАҚАТСЫЗ ӨТТІ

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ-ДА 2022 ЖЫЛ ЖАРАҚАТСЫЗ ӨТТІ

«Қазтеміртранс» АҚ-да (ҚТТ) еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Оның шеңберінде еңбек қауіпсіздігін оқыту және насихаттау жүргізіледі. Өткен жылы жүйелі жұмыс арқасында өндірістік жарақаттанудың бірде-бір жағдайына жол берілмеді.

Жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін «СТЖ-Комплекс» жүйесі пысықталды, ол операция және көлік экспедициясы процестерін автоматтандырды, қол еңбегін азайтты, жұмыстарды жүргізу уақытын қысқартты. ҚТТ қызметкерлері арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Өткен жылы ҚТЖ өндірістік қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесінде ҚТТ қызметкерлері 163 Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогын (ҚМД) тіркеді, оның 149-ы «Қауіпті жағдайларға», ал 14-і «Қызметкерлердің қауіпті әрекеттеріне» қатысты. Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ішкі бақылау шеңберінде 166 ішкі тексеру жүргізілді.

ҚТТ-да ыңталандыру жүйесі жұмыс істейді: еңбек қауіпсіздігі мен  еңбекті қорғау нормаларын бұзудың алдын алуда ерекшеленген қызметкерлер, сондай-ақ көшбасшылық пен адалдықты белсенді көрсететін инженерлер мен техникалық инспекторлар сыйақы алады.

«Қазтеміртранс»-та қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылы 32 қызметкер еңбекті қорғау саласында курстардан өтіп, халықаралық сертификаттарға (Ұлыбритания) ие болды.

Жыл сайын 28 сәуір күні әлемде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Сондай-ақ, бұл жұмыс міндеттерін орындау кезінде жарақат алған немесе қайтыс болған жұмысшыларды еске алу күні. Барлық елдерде кәсіподақ ұйымдары, еңбекті қорғау саласындағы практик-мамандар жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында бұл күнге орай іс-шаралар өткізеді. Жан-жақты жұмыстың арқасында жазатайым оқиғаларды және қызметкердің түрлі жарақаттар алуын азайтуға және алдын алуға болады.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ҚТТ филиалдарында қызметкерлер үшін «Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогтары» бойынша үздік ҚМД көрсете отырып, таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

×