Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ «TransRussia 2023» халықаралық көрмесіне қатысты

Мәскеу қаласында «TransRussia 2023» көліктік-логистикалық қызметтердің, қойма жабдықтары мен технологияларының 27-ші Халықаралық көрмесі өтті. Іс-шараға «Қазтеміртранс» АҚ делегациясы қатысты.

Үш күнге жоспраланған бағдарлама барысында ҚТТ өкілдері Ресейдің көлік саласының және басқа да теміржол әкімшіліктерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Қатысушылар панельдік және практикалық сессияларда, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және пікірталас кезінде тәжірибе алмасып, өздерін көрсетті.

«Біз көршілес теміржол әкімшіліктерінің аумақтарынан КТТ вагондарының кері жүктемесін арттыру бойынша мәселелерді пысықтадық. Оған қоса Ресейлік вагон паркінің иелерімен және вагон құрастыру зауыттарымен жемісті кездесулер өткіздік», – деп «Қазтеміртранс» АҚ маркетинг және тарифтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Абылайхан Жарлықпай атап өтті.

Көрмеде Қазтеміртранс делегациясы мен көлік-экспедиторлық нарықтың бірқатар қатысушылары көршілес аумақтарда вагондармен алмасу және өзара ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады.