Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазтеміртранс» АҚ сату жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылдың 16 қазандағы № 12 хаттамасына 4 қосымша

 

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы (әрі - қарай Қоғам)2026 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-ден бастап (Астана уақыты бойынша) www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында Қоғам мүлкінің бағасын көтеру бойынша Аукцион түріндегі электронды сауда өткізетіндігін хабарлайды.

Активтерді сату «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2017 жылдың 20 қазанындағы № 18 хаттама) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының мүлігін сату жөніндегі ережелеріне және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылдың 23 мамырындағы №66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы регламентке (ары қарай - Регламент) сәйкес өтеді.

Төмендегідей активтерге аукцион жарияланады:

1 Лот – жартылай вагондар 89 дана, бастапқы/басты бағасы 268 688 433 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 40 303 265 теңге, орналасқан жері: Түркістан облысы, Арыс-1 станциясы;

2 Лот – жартылай вагондар 12 дана, бастапқы/басты бағасы 37 441 825 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 5 616 274 теңге, орналасқан жері: Абай облысы, Жаңа-Семей станциясы;

3 Лот – жүк вагондары 62 дана, бастапқы/басты бағасы 191 199 496 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 28 679 925 теңге, орналасқан жері: Қостанай облысы, Құсмұрын станциясы - 1 жабық, 57 жартылай вагон; Ақмола облысы, Есіл станциясы - 4 жартылай вагон;

4 Лот – жартылай вагондар 102 дана, бастапқы/басты бағасы 317 531 653 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 47 629 748  теңге, орналасқан жері: Павлодар облысы, Павлодар-Южный станциясы;

5 Лот – жартылай вагондар 45 дана, бастапқы/басты бағасы 137 964 097 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 20 694 615 теңге, орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, оның ішінде: 44 жартылай вагон, Пойма станциясы; 1 жартылай вагон, Орал станциясы;

6 Лот – жартылай вагондар 83 дана, бастапқы/басты бағасы 261 335 139 теңге, ҚҚС-пен, кепілдік жарна 39 200 271  теңге, орналасқан жері: Қостанай облысы, Притобольская станциясы.

Кепілдік салымдар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына аударылады: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ226018871000394291, КНП 857, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлем түрі: электронды саудаға қатысу үшін кепілдік салым (кепілдік салым төлеміне банк қызметі үшін төлем енбейді). Кепілдік салым ретінде Банктік кепілдік есепке алынбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін:  бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Әрбір сатылған объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасымен рәсімделіп, аукцион өткізілген күні сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталында қол қойылады.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін белгілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату-сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Сайысты өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды рәсімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ сайтындағы Регламенттен танысуға болады.

Сауданы өткізу туралы қосымша ақпараттарды www.e-qazyna.kz сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-29-81, 95-54-89, 95-54-88 («Ақпараттық-есептік оралық» АҚ) және +7 747 702 28 78 («Қазтеміртранс» АҚ).