Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

2026 жылғы маусым айында Берік Нұридинұлы Байжанов «Қазтеміртранс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Берік Байжановтың теміржол саласында 12 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Ол корпоративтік құқық, компания қызметін құқықтық қамтамасыз ету, монополияға қарсы реттеу және корпоративтік мүдделерді қорғау мәселелері бойынша тәжірибелі маман.

Еңбек жолын 2014 жылы «Қамқор Локомотив» ЖШС-де бастаған. Кейінгі жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобына қарасты ұйымдардың заң қызметтерінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2020 жылғы желтоқсаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Талап-арыз жұмысы департаментінің топ жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Кәсіби қызметі барысында стратегиялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу, сот және әкімшілік дауларды реттеу, мемлекеттік және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы экономиканы монополиясыздандыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қызметіне, сондай-ақ ҚТЖ компаниялар тобының акцияларын бастапқы жария орналастыруға дайындау жұмыстарына қатысқан.

Жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын сот және әкімшілік дауларды құқықтық сүйемелдеуге, оның ішінде монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша ҚТЖ компаниялар тобының мүдделерін қорғауға атсалысқан.

2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, құқық бакалавры дәрежесін алған.

Кәсіби жетістіктері үшін «Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін» құрмет белгісімен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Үздік маман» корпоративтік байқауының жеңімпазы атанған.

Берік Байжановтың корпоративтік басқару, құқықтық сүйемелдеу және теміржол саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыру бағыттарындағы кәсіби тәжірибесі «Қазтеміртранс» АҚ Директорлар кеңесінің тиімді қызметіне үлес қосады деп күтілуде.