Тіл
Жедел байланыс
Хаттар канцеляриясы
astana_ktt@kaztt.kz
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (771) 933 3033
+7 (7172) 930 300
info@kaztt.kz
Тәуелсіз сенім желісі
8 800 080 47 47
+7 771 191 88 16
mail@sk-hotline.kz
sk-hotline.kz

Байланыс

+7 (771) 933-30-33 +7 (7172) 930-300 info@kaztt.kz astana_ktt@kaztt.kz Астана, Қазақстан

Біз желідеміз

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жүк вагондары паркін жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Соңғы үш жыл ішінде компания отандық өндіруші — «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС-нен (ҚВЖК) шамамен 3 мың жартылай вагон сатып алды. Ал алдағы 5 жыл ішінде компания осы отандық өндірушіден тағы шамамен 13 мың жүк жартылай вагонын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ел ішінде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмір, қиыршық тас, құрылыс материалдары), сондай-ақ экспорттық коммерциялық жүктерді уақытылы тасымалдауға мүмкіндік береді.

Компания тұрақты модель қалыптастыруда:

отандық оператор — отандық өндіруші — отандық тұтынушы.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ-ның жартылай вагондар паркі шамамен 29 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде 24 мың жартылай вагон ішкі тасымалдарға — көмір мен қиыршық тас жеткізуге бекітілген. Тағы 5 мың вагон экспорттық тасымалдарға пайдаланылуда. Сонымен қатар, бұл вагондармен тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері жүк жөнелтушілер мен жылжымалы құрам операторлары арасындағы шаруашылық-құқықтық қатынастар негізінде реттеледі.