Алматы «ҚазТемірТранс» АҚ директоры А. Базеновтың ақпараттық кеңістікте құқық қорғау органдарымен ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа байланысты Қоғам мынаны хабарлайды.
«ҚазТемірТранс» АҚ қазіргі уақытта құзыретті құқық қорғау органдарының тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын растайды. Компания уәкілетті органдарға жан-жақты жәрдем көрсетеді және жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
Сонымен қатар, қолда бар деректерге қарағанда, филиал объектілерін күзету бойынша мемлекеттік сатып алуларда ұтып алуға жәрдемдесу үшін ірі заңсыз ақшалай сыйақы алу туралы мәліметтер күмән туғызады, өйткені қазіргі уақытта «ҚазТемірТранс» АҚ мен күзет ұйымдары арасында жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге шарттар жасасу бойынша барлық рәсімдер аяқталды (анықтама үшін: «ҚазТемірТранс» АҚ-ның жалпы бюджеті күзет қызметтері шамамен 200 млн. теңгені құрайды, Алматы филиалы бойынша өндірістік базаларды күзетуге 9 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл осы бағыттағы қолдап-қорғаушылық пара сомасы туралы таратылатын ақпараттан бірнеше есе аз). Өзге мән-жайлар тергеумен анықталатын болады.
«ҚазТемірТранс» АҚ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне заңдылық, ашықтық және нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанады. Заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады.
Компания істің барлық мән-жайларын объективті және жан-жақты тергеуге мүдделі және заңнамада белгіленген тәртіппен шындық анықталатынына сенеді.
«ҚазТемірТранс» АҚ өз қызметін серіктестер мен клиенттер алдындағы өндірістік міндеттер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жалғастыруда.
Тергеудің нәтижелерімен жұртшылық одан әрі белгіленген тәртіппен хабардар етілетін болады.
«ҚазТемірТранс» АҚ баспасөз қызметі

