«Қазтеміртранс» АҚ-та алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар өтті

«Қазтеміртранс» АҚ-та алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар өтті

2024–2025 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында және Азаматтық қорғау жүйесінің имиджін арттыру мақсатында 2025 жылғы 10 қыркүйекте «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппаратында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар қызметкерлердің төтенше жағдайлар мен шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуге қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Оқыту барысында қатысушылар келесі дағдыларды үйренді және тәжірибеде бекітті:

  • жасанды тыныс алдыру;

  • жүрекке жанама массаж жасау (ритм мен тереңдікті дұрыс сақтау арқылы);

  • сыртқы қан кетуді тоқтату (қысқыш таңғыш салу, жгут қолдану, уақытты белгілеу);

  • есінен тану, талықсу кезіндегі іс-қимылдар;

  • жүрек-өкпе реанимациясының (ЖӨР) негізгі алгоритмі.

Сонымен қатар төтенше жағдайларда кездесетін тәжірибелік жағдайлар талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Семинарды ҚР ТЖМ «Төтенше медицина орталығы» РММ Астана қаласындағы филиалының дәрігері Имамбаев Нурлан Ислямұлы жүргізді. Оқыту 90 минутқа созылып, оған Қоғамның 35 қызметкері қатысты.

«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

 

×